Президент орталығының музейі тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын және президенттік институттың тарихын баяндайды. Экспозиция бірнеше тақырыптық залды біріктіреді: мемлекеттік рәміздер, «Тәуелсіздік бастауында» залы, сәндік-қолданбалы өнер галереясы, мемлекеттік наградалар мен дипломатиялық сыйлықтар жинағы, сондай-ақ қазақтың халық музыкалық аспаптары коллекциясы.
Келушілер үшін музей қызметкерінің қатысуымен экскурсиялар өткізіледі, залдардың бір бөлігі 3D-тур форматында да қолжетімді. Жұмыс режимі мен демалыс күндері — төмендегі музей күнтізбесінде.
Музей — құрамында мұрағат пен кітапхана да жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы Президент орталығының бір бөлігі. Үш қорды бір келу барысында аралауға болады, ал топ үшін алдын ала экскурсияға өтінім беруге болады.
Экскурсиялар тегін өткізіледі және 10 адамнан асатын топтар үшін ұйымдастырылады. Экскурсияға қатысушылардың саны өтінімде көрсетілген мәліметке сәйкес болуы тиіс.
Экскурсия ұзақтығы – 45 минут. Топ экскурсияның белгіленген уақытынан 15 минуттан артық кешіккен жағдайда, қызмет көрсетудің белгіленген кестесіне байланысты музей қызметкерлері экскурсия өткізуден бас тартуға құқылы.
Экскурсиялар 10 адамнан бастап топтар үшін ұйымдастырылады.
Музейге келушілердің міндеттері мен тәртібі туралы толық ақпаратпен танысыңыз.
Келу ережесін оқу →Өтінім беруші Ережемен келіскен жағдайда ғана өтінім қабылданады.